"Мұхтартану"  курсынан аралық бақылау тапсырмалары.

 

1-ТАПСЫРМА

М.Әуезовтің  "Қараш-Қараш"  повесінің   көркемдік  ерекшелігі

Қамтылуға  тиісті  мәселелер:

1."Қараш-Қараш"  повесінің  жазылу  тарихы, шығарманың  негізгі  тақырыбы.

2. Повестегі  әлеуметтік  тартыстың  жан-жақты  ашылуы.

3. Бақтығұл  бейнесінің  эволюциялық,  іштей  түлеп  жетілуі,  күрескерлік  деңгейге  көтерілуі.

4. Шығарманың  сюжеттік  желісі, образдар  жүйесі. Жарасбай  болыстың  екі  жүзділігі, 

5. Повестің  композициялық  шеберлігі.Шығармадағы  автордың  шешімі. Шығарманың  тілі  мен  көркемдігі.

 

2-ТАПСЫРМА

М.Әуезовтің  "Көксерек"  повесінің  көркемдік  ерекшелігі

Қамтылуға  тиісті  мәселелер:

1. "Көксерек"  повесінің  тақырыбы  мен  идеясы.

2. Көксерек   бейнесінің  символдық  сипаты, философиялық   түйіні.

3. Құрмаш  бейнесінің  ерекшелігі.

4. Табиғат  пен  адамның  ара  қатынасы.

 

3-ТАПСЫРМА

М .Әуезовтің  30-жылдардағы   колхоз  өмірінен   жазылған шығармалары

Қамтылуға   тиісті  мәселелер:

1. 30-жылдары  жазылған "Қасеннің  құбылыстары", "Шатқалаң", "Іздер", "Білекке-білек"  әңгімелерінің  тақырыбы, сюжеттік  желісі, образдар  жүйесі.

2. Шығармадағы  ескі  мен  жаңаның  күресінің  суреттелуі.

3. "Қасеннің  құбылыстары"  әңгімесіндегі  Қасен, Жәмила, Қасымхан  студент Сәлім  бейнелерінің  әр  қилылығы.

4. "Іздер " әңгімесіндегі  тап  қайшылығының  көрінісі. Әңгімедегі Несіпбай, Құлжатай, Жетпісбай, Жұматай  бейнелерінің  қарама-қайшылықтары.

 

4-ТАПСЫРМА

М.Әуезовтің "Қилы  заман" романының  тарихи  негізі.

Қамтылуға тиісті  мәселелер:

1. "Қилы  заман" романының  жанрлық сипаты.

2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің романда реалистік тұрғыдан бейнеленуі.

3. Романдағы патшаның отаршылдық саясатының әшкереленуі.

4. Ақ патшаның ұлықтары: пристав, урядник тергеушілердің бейнесі.

5. Ұлықтардың жандайшаптары - тілмәштер, болыстар бейнесінің  сатқындығы мен екіжүзділігі.

6. Халық өкілдерінің бейнелері. Жәмеңке қария ,Ұ зақ батыр, Әубәкір, Серікбай, Тұрлықожа бейнелерінің жиынтық, әрі даралық сипаттары.

7. Романдағы  Көкбай,Баймахан, Жансейіт, Қартбайлардың типтік бейне деңгейінде суреттелуі.

8. Романның 1972 жылы қайта жариялану тарихы.

 

5-ТАПСЫРМА

М.Әуезов шығармашылығының Семейлік кезеңі

Қамтылуға тиісті  мәселелер:

1. М.Әуезовтің 1917-1925 жылдары  жарияланған публицистикалық мақалалары.

2. М.Әуезовтің "Қорғансыздың күні", "Қыр суреттері", "Қаралы сұлу","Жетім" т.б Семей кезеңіндегі шығармашылығының көркемдік сипаты.

3.  Жазушының Семей қаласындағы әдеби-көркемдік ізденістері мен ғылыми -зерттеушілік еңбегі.

4. .Жазушының "Сарыарқа" ,"Абай" журналында жарияланған әңгімелеріндегі жаңаша ізденіс үлгілері.

5. Жазушының семейлік кезенде жазған "Еңлік", "Қаракөз", "Бәйбіше- тоқал" пьесаларындағы романизм.

 

6-ТАПСЫРМА

М.Әуезовтің 20 жылдардағы драматургиялық шығармалары

Қамтылуға тиісті  мәселелер:

1. С.Мұқановтың: "Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры -тек Мұхтар Әуезов қана ашқан жаңалық " - деген пікірінің тарихи негізі.

2. М.Әуезовтің   алғашқы  драматургиялық  шығармалары: "Еңлік  -Кебек", "Бәйбіше-тоқал ", "Қаракөз" туындыларының  драматургияның дәстүрлі талаптарына  сәйкестігі.

3. "Еңлік-Кебек"  трагедиясындағы   жесір  дауы, ру  тартысы, озбырлық  "өз  күшігін  өзі  жеген  қасқырдай"  дәуірдің  реалистікпен  бейнеленуі.

4. "Қаракөз" трагедиясындағы махаббат  мұңы. Пьесадағы  халықтың  салт пен дәстүрінің көрінісі. Трагедиядағы   диалог  пен  монологтар. Оның  Қаракөз, Сырым  психологиясын  ашудағы   ролі.

5. "Бәйбіше-тоқал"  пьесасындағы  күндестік  өмір мен мансапсүйгіштік  қылықтардың сыналуы.

 

7-ТАПСЫРМА

М.Әуезовтің  "Абай  Жолы"  роман-эпопеясы-  қазақ  әдебиетіндегі  тұңғыш  дәуірнама

Қамтылуға тиісті  мәселелер:

1. Роман эпопеяның жазылу тарихы.

2. "Абай  жолы"-  өткен ғасырдағы  қазақ өмірінің энциклопедиясы.

3. Эпопеядағы қоғамдық әлеуметтік мәселелер.

4. Құнанбай  бейнесінің  типтік  және даралық  сипаты.

5. Шығармадағы әйелдер бейнесі.

6. Эпопеядағы халықтың әдет -ғұрып, салт-дәстүрлерінің  көрінісі.

7. Эпопеядағы Абай бейнесінің  жан-жақтылығы.

8. Жазушының оқиға өрбітуі мен  характер жасаудағы шеберлігі. 

9. Романның композициялық құрылысындағы, стиліндегі ерекшеліктер.

10. Роман  эпопеяның  қазақ  әдебиетіндегі  жаңашылдығы.

11. Эпопеяның әлемдік  мәні.

 

8-ТАПСЫРМА

М.Әуезовтің   "Абай жолы" роман  эпопеясындағы  Абайдың бейнесі

Қарастырылуға  тиісті  мәселелер:

1. Абай  шығармашылығының жазушы тағдырына әсері. 

2. Жазушының  Абай  тақырыбына  жазған  алғашқы  туындылары.

3. Роман  эпопеядағы  Абай  бейнесінің  даралық  сипаты.

4. Романдағы  әке  мен  бала  арақатынасы.

5. Бірінші  кітаптағы  жас  Абайдың бейнесі.

6. Абайдың  азамат, ақын  ретінде  толысуы.

7. Романның  негізгі  кейіпкері Абайдың сол  заманның сипатын белгілейтін  күрделі оқиғалардың  қалың ортасында  көрінуі. Оның  образының  даму  заңдылығы. Абайдың  өмір  өткелдері  мен әлеуметтік майданындағы күресі.

8. Абайдың ақын шәкірттеріне деген қамқорлығы.

 

                  9-ТАПСЫРМА

"Абай жолы" роман-эпопеясы тарихи роман

Қарастырылуға  тиісті  мәселелер:

1. "Абай жолы" эпопеясының тарихи-әлеуметтік негіздері, жазылу тарихы.

2. "Абай" романының алғашқы үзінділерінің жариялануы. (1937-1944)

3. "Абай жолы" эпопеясының алғашқы басылымдары, толықтырылып, түзетілу жолдары.

4. Эпопеядағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелер. Елдің қоғамдық, мемлекеттік-әкімшілік құрылысының көріністері.

5. Бірінші кітаптағы оқиғалар жүйесі. Образдар әлемі. Жас Абайдың азамат ретінде қалыптасуы.

6. Екінші кітаптың негізгі оқиға желісі мен композициялық құрылысы.

7. Үшінші кітаптың сюжеті мен композициясы. "Ақын аға" кітабының "Абай жолы" болып өзгеруінің негізгі себептері. Абайд

ың ақын шәкірттері.

8. Төртінші кітаптың түйінді оқиғалары. Абай ұрпақтары. Кітаптың эпилогы.

9. Роман-эпопеяның әлемдік әдебиеттегі алар орны.

        

"Мұхтартану"  курсынан қорытынды бақылау тапсырмалары.

 

1. М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны.

2. М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгілемелеріндегі гуманизм.

3. М.Әуезовтің 20-жылдардағы әдеби сын мақалалары.

4. М.Әуезов өмірінің Семейлік кезеңі.

5. М.Әуезов өмірінің Ташкенттік кезеңі.

6. М.Әуезовтің 20-жылдардағы ғылыми-публицистикалық мақалалары.

7. М.Әуезовтің 20-жылдардағы драматургиялық шығармалары.

8.  М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелеріндегі психологизм.

9. М.Әуезовтің 20-жылдардағы шығармаларындағы қазақ оқыған азаматтарының бейнесі. 

10. М.Әуезовтің 30-жылдардағы әңгімелері және кеңестік дәуір шындығы.

11. М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасының көркемдігі.

12. М.Әуезовтің "Көксерек" повесінің көркемдігі.                               

13. М.Әуезовтің "Қилы заман" романының тарихи негізі.

14. М.Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы" повесіндегі тарихи шындық және көркемдік қиял.

15. М.Әуезов - ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым.

16. М.Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші.

17. М.Әуезов - публицист.

18. М.Әуезовтің көркем өнер туралы сын зерттеу еңбектері.

19. М.Әуезовтің тарихи тақырыптағы драматургиялық шығармалары. "Хан Кене".

20. М.Әуезов - драматург

21. "Абай жолы" эпопеясы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш дәуірнама.

21. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы Абайдың ақындық бейнесі.

22. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы әйелдер бейнесі.

23. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы Абай шәкірттерінің бейнесі.

24. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы қазақ салт-дәстүрінің көрінісі.

25. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы шешендік өнердің үлгісі.

26. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы аналар бейнесі.

27. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы өнер адамдарының бейнесі.

28. М.Әуезовтің "Өскен өркен" романындағы дәуір шындығы.

29. М.Әуезов абайтану ғылымының негізін салушы. 

30. М.Әуезовтің жаңа заман тақырыбына жазған драмалық шығармалары.

31. М.Әуезовтің "Қаракөз" трагедиясының көркемдік ерекшеліктері. Қаракөз, Сырым, Нарша бейнелері. 

32. М.Әуезовтің көркем аудармалары.

33. М.Әуезовтің очерктері.

34. М.Әуезов және Алаш.

35. М.Әуезов туысқан халықтар әдебиетін зерттеуші ("Манас" эпосы бойынша).

36. М.Әуезовтің ұстаздық қызметі.

37. М.Мырзахметов - мұхтартанушы ғалым.

38. М.Әуезов шығармашылығы З.Ахметов зерттеулерінде.

39. Б.Майтанов және мұхтартану мәселелері.

40. А.Нұрқатов мұхтартанушы ғалым.

41. М.Әуезовтің әдеби сын еңбектері К.Сыздықов зерттеулерінде.

42. М.Әуезовтің драматургиялық туындылары Р.Нұрғалиев зерттеулерінде.

43. Р.Бердібаев зерттеулеріндегі мұхтартану мәселелері.

44. М.Әуезов тұлғасы Т.Жұртбай шығармаларында "Бесігіңді түзе", "Талқы".

45. М.Әуезов шығармаларындағы Оңтүстік Қазақстан тақырыбы (Түлкібас, Шаян, Созақ, Түркістан).